3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат міндетті медициналық сақтандыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.
Қол қою рәсімінде тараптардың өкілдері бұл келісімнің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тиімді механизмдерін дамытуға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық басқарудың озық тәжірибелерімен алмасу, цифрлық шешімдерді енгізу және мамандардың біліктілігін арттыруды қамтиды. Меморандумға қол қою – екі елдің міндетті медициналық сақтандыру жүйесін дамытудағы әріптестігіне жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ҚР ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.
Оның айтуынша, Қор денсаулық сақтау және міндетті медициналық сақтандыру саласындағы жетекші ұйымдармен халықаралық әріптестікті дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ӘМСҚ Литваның МСҚ, РФ ММСҚ және Өзбекстанның ММСҚ меморандумдар жасаған болатын.

04.03.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025